Наблюдательный совет

|
А.Аблазим |
Қызылорда облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің бас дәрігері, жоғарғы біліктілік санаты бойынша денсаулық сақтау ісін ұйымдастырушы, медицина ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі. 1964 жылы қазан айының 24 жұлдызында, Қызылорда облысы, Жанақорған ауданында дүниеге келген. 1987 жылы Ақтөбе мемлекеттік медициналық институтын бітіріп, еңбек жолын 1988 жылы Жанақорған аудандық ауруханасында балалар хирургі қызметінен бастады. 1988 -1991 жылы Төменарық ауылдық ауруханада балалар дәрігері, 1991-1997 жылы Шиелі аудандық ауруханасында хирург, емхананың бас дәрігерінің орынбасары, 1997-1997 жылы Қызылорда темір жол ауруханасында бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары, 1997-1999 жылы Қызылорда Облыстық денсаулық сақтау басқармасының орынбасары, 1999-2000 жылы Қызылорда қалалық денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі, 2000 - 2004 жылы Қызылорда қалалық туберкулезге қарсы күрес диспансер бас дәрігері қызметін аткарды. 2004 жылдан қазіргі таңға облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансерің бас дәрігерінің қызметін аткаруда.
Қызылорда Қорқыт-Ата атындағы университетінің экономика факультетін сырттай окып, 2006 жылы экономист бакалавр мамандығын косымша игерді. «Арал өңірінің апат аймағындағы ауыл тұрғындары денсаулығының медициналық-ұйымдастыру аспектілері» такырыбына ғылыми еңбек жазып, корғап медицина ғылымдарының кандидаты дәрежесін иемденді. 28 ғылыми жұмыстары мен 1 авторефераты баспасөз беттерінде жарияланды. Қазақстан Республикасы халқының денсулығын сақтау ісіне сіңірген айрықша еңбегі үшін «Казақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгісімен марапатталды. Қазақстан Республикасы Ауғаныстан және жергілікті соғыс арлагерлер одағының шешімімен «Жергілікті әскери баскару органдарына 90 жыл» мерекелік медалімен марапатталды. 2016 жылы «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен наградталды. 2017 жылы «Алтын дәрігер» медалімен марапатталды. Отбасылы, жұбайы, 4 баласы бар.
|
|
Алимкулов Т |
Облыстық мәслихат депутаты. 1956 жылы қыркүйек айының 17 жұлдызында Қызылорда облысының Тартоғай станциясында дүниеге келді. 1974 жылы Бәйгеқұм қыстағындағы орта мектепті тәмамдаған соң Шиелі ауданындағы №97 СПТУ-да жүргізуші боп еңбек жолын бастаған. 1975-1980 жылдар аралығында Алматы темір жол транспорты инженерлер институтында оқып, инженер-құрылысшы мамандығы бойынша бітірді. Сол жылы Бәйгеқұм қыстағындағы ПМК-47 мекемесіне тас қалаушы болып орналасқан ол 1981 жылдың ақпан айынан бастап Шалқар станциясындағы СМП-660 “Ақтөбетрансстрой” мекемесінде учаске мастері, прораб болса, 1984 жылдан бас инженер қызметінде болды. 1986 жылдың қаңтар айынан Белкөл станциясындағы СМП-510 мекемесінде өндірістік-техникалық бөлім бастығы, 1988 жылдың маусым айынан мекеме басшысының өндіріс жөніндегі орынбасары, 1992 жылдың желтоқсан айынан бас инженер қызметін атқарды. 1998 жылдың мамыр айында “Желдорстрой” ААҚ СМП-4 мекемесінің директоры болып тағайындалды. 2002 жылдың маусым айында аталған құрылым “СМП-Қызылорда” ЖШС болып өзгертіліп, қазіргі уақытқа дейін осы мекеме басшысы қызметін атқарып келеді. Отбасылы. 2 ұл, 3 қыз тәрбиелеп, олардан 8 немере сүйіп отыр. 1. «Қазақстанның құрметті құрылысшысы» белгісі -2011 2. «Ерен енбегі үшін» медалі * – 2013 ж 3. Облыс әкімінің Құрмет грамотасы -2014 4. «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалі -2015 5. «Құрылыс саласындағы еңбегі үшін» ордені 6. «Шиелі ауданының Құрметті азаматы» атағы-2015 7. Қазақстан Республикасы Ұлттық Бизнес-рейтингі бойынша марапаттау – 2015 8. «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалі -2016 9. «Құрмет» ордені * – 2018
|
|
Маханбетов Е |
ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Қызылорда облыстық орталығының заңгері 1985 жылдың желтақсан айының 1-ші жұлдызында дүниеге келген 2005-2008 жж. Алматы қаласындағы Аль-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетін «Заңтану» факультетін бітірген. 2008-2010 жж Аль-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетін магистратурасын бітірген. 2011-2012 ж.ж ТОО «Kazakhstan Collector Company» жұмыс жасаған. 2012 жылдан қазіргі таңға дейін ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Қызылорда облыстық орталығының заңгері болып жұмыс жасап келеді. Отбасылы
|
|
Тогизбаев А.Т.өмірдерек |
«Республикалық медициналық палата» қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалының директоры 1949 жылы Қызылорда облысы, қазіргі Сырдария ауданының орталығы – Тереңөзек қыстағында дүниеге келген. 1967 жылы облыс орталығы – Қызылорда қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепті үздік бітірген. 1967-1973 жылдары Ақтөбе мемлекеттік медицина институтының «Емдеу ісі» факультетінде оқыған. 2006 жылы Қазақстан академиялық заң және экономика университетінің заң факультетін бітіріп, заңгер мамандығын алған. 1972-1973 жылдар аралығында Ақтөбе облыстық балалар ауруханасында хирургия бөлімінің медбраты болып жұмыс жасады. 1973 жылы Қызылорда облыстық ауруханасының анестезиология-реаниматология бөлімінде дәрігер болып бастаған. 1982-1990 жылдары облыстық аурухана бас дәрігерінің ұйымдастыру-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары қызметін абыроймен атқарды. 1990-1994 жылдары Жаңақорған аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері; 1994-1997 жылдары облыстық ауруханының бас дәрігерінің кеңес беру-диагностикалық орталығы жөніндегі орынбасары; 1997-2008 жылдары облыстық ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күресу орталығының бас дәрігері; 2008-2016 жылдары Қызылорда қалалық ауруханасының бас дәрігері қызметін атқарған. 2016-2019 жылдары Қызылорда қалалық ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары қызметін атқарған. Отбасылы, 4 бала және 14 немере тәрбиелеуде. «КСРО денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісі (1988 жыл), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі (2001 жыл), «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісі (2003 жыл), «Құрмет» ордені (2005 жыл) Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаты (2005-2007 жылдар), Қызылорда облысы әкімінің алғыс хаты (2007 жыл), «Қызылорда қаласына 70 жыл» – медалі (2008 жыл), Қызылорда қаласы әкімінің алғыс хаты (2009 жыл), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі, (2011 жыл) «Слава Казахстана» ордені (2013ж.) Ұлттық бизнес рейтингтер одағының «Қазақстан Көшбасшысы-2013» марапаты. «Звезда славы. Экономика Казахстана» ордені (2014ж.) «Қазақстан Республикасының Конституциясына-20 жыл» медалі (2015ж.) «Қазақстан Республикасының мәслихатының 20 жылдығы» медалі (2015ж.) |
|
Жарекеев Куаныш |
Байқау кеңесінің мүшесі, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының партиялық бақылау инспекторы
1973 жылы ақпан айының 25-ші жұлдызында дүниеге келген. 1994 -2002-2016жж. Қорқыт ата атындағы Қызылорда педагогика институтында Қазақ мемлекеттік заң университетінде Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік Университетінде тарих пәнінін мұғалімі болып жұмыс атқарған. Заңтану магистрі 1995-1999 Қызылорда ауыл шаруашылығы инженерлер институты, «Философия және тарих» кафедрасында, ассистент 1999-2012 ж.ж Қызылорда политехникалық институт «Құқықтану» кафедрасының оқытушысы 2012-2016 жж. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті «Құқықтану» кафедрасының аға оқытушысы 2016-2017жж. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының аға оқытушысы 2017 жылдан қазірге дейін «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы партиялық бақылау жөніндегі инспекторы болып жұмыс атқарып келеді. Отбасылы.
|





















