ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ТУБЕРКУЛЕЗГЕ ҚАРСЫ ДИСПАНСЕРІ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫ

A- A A+

КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ НА ПРАВЕ ХОЗЯЙСТВЕННОГО ВЕДЕНИЯ «КЫЗЫЛОРДИНСКИЙ ОБЛАСТНОЙ ПРОТИВОТУБЕРКУЛЕЗНЫЙ ДИСПАНСЕР» УПРАВЛЕНИЯ ЗДРАВООХРАНЕНИЯ КЫЗЫЛОРДИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Добро пожаловать на наш веб сайт!

Емделушіге ақпарат

ПАЦИЕНТТі ҚОЛДАУ  ЖӘНЕ ІШКІ БАҚЫЛАУ ҚЫЗМЕТІ

Бас дәрігердің 2015 жылғы 22 қазандағы  №152-Ө бұйрығымен, 2009 жылғы 18 қыркүйектегі №193-1 V «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінің 58 бабына сәйкес пациенттерге қолдау көрсету және ішкі бақылау (аудит) Қызметі бөлімі құрылды.

-   Көрсетілген медициналық көмектің сапасына қанағаттанбаушылық болса;

-   Медициналық қызметкерлер тарапынан дөрекілік көрсеткені байқалса;

- Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық көмек көрсету жағдайында медициналық қызметкерлер тарапынан медициналық көмек көрсеткені үшін қаражат бопсалаушылықты білдіртсе,

Пациентті қолдау қызметі Сіздің өтінішіңізді қысқа мерзімде қарап, нәтижесін Сізге жібереді.

Сіз өтінішті (шағым)  әр  бөлімшеде орналасқан шағымдар жәшігіне; сонымен қатар «Сенім» телефонына   қалдыра аласыз.

Немесе ішкі аудит  орынбасары Айгул Оғадиқызы Әлтекешеваға, жоғары санатты дәрігер-фтизиатры қабылдауына келе аласыз.

(Қызылорда облыстық фтизиопульмонология орталығы, бас ғимарат       І қабат №10 кабинет)

Сенім  телефоны — 8(7242)40-01-42 немесе 40-00-01 (Call орталығы)

 

 

Ішкі аудит қызметінің мақсаты:

  1. Медициналық көмек көрсетудің сапасын бағалайтын көрсеткіштерге баға беру және талдау жүргізу;
  2. Клиникалық аудит жүйесін жетілдіру, қаралған стандарттарға сай емдеу-диагностикалық іс әрекеттерді жүргізудегі ретроспективті және ағымдағы

талдау жасау;

  1. Мекемеде орындалып жатқан процесстердің денсаулық сақтау бойынша стандартқа сәйкестігі мен аккредиттеуге сәйкестігіне баға беру;
  2. Пациенттердің қанағаттану деңгейін зерделеу;
  3. Мекемені аккредиттеуге дайындау;

 

Ішкі аудит қызметінің функциясы:

  1. Пациенттерден және медицина қызметкерлерінен түскен мәселелерді, арыз-шағымдарды дер кезінде, уақытылы қарап, пациенттің және медицина қызметкерлерінің қанағаттану деңгейін зерделеу;
  2. Облыстық медицина орталығының сапа көрсеткіштеріне талдау жасау және өңдеу;
  3. Облыстық медицина орталығының материалды-техникалық ресурстарын және кадрларды нәтижелі және тиімді пайдалану жағдайына баға беру.
  4. Белгіленген стандартқа сай пациенттерге көрсетіліп жатқан медициналық көмектің технологиясына баға беру (клиникалық аудит жүргізу) және  комиссиялық баға беруге жататын жағдайларды іріктеу;
  5. Кепілді тегін медициналық көмек берудің ережесін сақтауды қадағалау;
  6. Нәтижелі және сапалы медициналық көмек көрсетуге бейімдейтін және жұмыс барысындағы дефектілерді жоюға және алдын алуға арналған бағдарламалық іс шараларды жетілдіру;
  7. Облыстық фтизиопульмонология орталығын аккредиттеуге дайындау және аккредитациядан өткізу.

 


Мекеменің атауы Жеке сайттың атауы Жауапты Т.А.Ә. тел.нөмірі
1

Облыстық туберкулезге қарсы диспансері

www.Kopd-gs.kz/ru

Алтекешева Айгул Оғадиқызы

87242 40-01-42