«КҮНЕКЕЙ» балабақшасының ата-аналары мен тәрбиешілері, қызметкерлері арасында «ҚЫЗЫЛША ауруының алдын ала білейік !!!...» тақырыбында сала мамандарының қатысуымен семинар - тренинг өткізілді.

Сала мамандары – «ҚЫЗЫЛША ауруы – ол қандай ауру, ол несімен қауіпті?»; «Өзіңді ТУБЕРКУЛЕЗДЕН қорға!!!...» тақырыптарында семинар - тренинг өткізді
26 ақпан 2019 жылы, сағат 15:30-да сейсенбі күні «КҮНЕКЕЙ» балабақшасының ата-аналары мен тәрбиешілері, қызметкерлері арасында «ҚЫЗЫЛША ауруының алдын ала білейік !!!...» тақырыбында сала мамандарының қатысуымен семинар - тренинг өткізілді.
Семинар - тренингтің мақсаты: ҚЫЗЫЛША мен ТУБЕРКУЛЕЗ ауруы туралы ақпарат бере отырып, аурушаңдықты төмендету мен алдын алу болды...
Семинарға: «Қызылорда облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы ЖШС-нің «Алдын алу бағдарламаларының» менеджері, «Жұқпалы аурулардың алдын алу» бағдарламасының үйлестірушісі – Каримсакова Ботагөз Демеуқызы; Қызылорда облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мамандары - Досжанова Бағила Қайырлақызы, Ибишева Бибизада Шарибекқызы; №4 қалалық емханасының СӨСҚ маманы, психолог – Махмұтова Жамила Әнуарбекқызы қатыса отырып, соңғы айларда Қазақстанда қызылшамен сырқаттанушылық жағдайының тіркеліп жатқандығын және туберкулездің алдын алу айлығы басталғандығын хабарлап, әр адамның ауруға қатысты білулеріне керекті ақпараттары баяндалды, бүгінгі таңдағы облыс бойынша эпидахуалға тоқтала келе жұқпалардан қорғанудың басты сақтық шаралары презентациялық слайдпен түсіндірілді. Тақырыптық бейнероликтер көрсетілді. Барлығы – 35-ке тарта адам қатысқан шарада 120 ақпараттық танымдық материалдар таратылды.


















