К. Қаракөзов атындағы № 235 орта мектептің мұғалімдері мен оқушылары арасында «ҚЫЗЫЛША, ТУБЕРКУЛЕЗ тақырыптарында сала мамандарының қатысуымен кең ауқымды денсаулық сабағы өткізілді.

Сала мамандары – «ҚЫЗЫЛША ауруы қандай ауру, ол несімен қауіпті?!!...», «Өзіңді ТУБЕРКУЛЕЗДЕН қорға, жұқпалы аурулардың алдын ал!» тақырыптарында кең ауқымды денсаулық сабағын өткізді
28 ақпан 2019 жылы, сағат 15:30-да, бейсенбі күні - К. Қаракөзов атындағы № 235 орта мектептің мұғалімдері мен оқушылары арасында «ҚЫЗЫЛША ауруы қандай ауру, ол несімен қауіпті?!!...», «Өзіңді ТУБЕРКУЛЕЗДЕН қорға, жұқпалы аурулардың алдын ал!» тақырыптарында сала мамандарының қатысуымен кең ауқымды денсаулық сабағы өткізілді.
Денсаулық сабағының басты мақсаты: Мектеп мұғалімдері мен оқушыларына – түрлі жұқпалы аурулардан сақтану, қызылша, менингит, құтырма, сарып, көкала, туберкулездей жұқпалы аурулардың алдын алуда салауатты өмір салтын ұстану шаралары арқылы өз денсаулықтарына ортақ ынтымақты жауапкершілікпен қарауына назарын аудару болды...
Денсаулық сабағына: Қызылорда облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы ЖШС-нің «Алдын алу бағдарламаларының» менеджері, «Жұқпалы аурулардың алдын алу бағдарламасының» үйлестірушісі – Каримсакова Ботагөз Демеуқызы; №6 қалалық емханасының СӨСҚ маманы – Сыздықова Бибігүл Мақсұтқызы қатыса отырып, соңғы айларда Қазақстанда қызылшамен сырқаттанушылық жағдайының тіркеліп жатқандығын айта келе әр адамның ауруға қатысты білулеріне керекті ақпараттары баяндалды, бүгінгі таңда біздің облыста да біршама аурушаңдықтың тіркелгендегіндігі мен эпидемиологиялық жағдайдағы басты сақтық шаралары презентациялық слайдпен түсіндірілді. Тақырыптық бейнероликтер көрсетілді. «Қол тазалығы» мен «Жөтелу әдебі» жөнінде балалармен бірлесе тренинг өткізілді. Барлығы – 65-ке тарта адам қатысқан шарада 190 ақпараттық танымдық материалдар таратылды.


















