№ 267 орта мектебінің мұғалімдері мен оқушылары арасында ҚЫЗЫЛША ауруы дегеніміз қандай ауру, ол несімен қуіпті?...» тақырыбында сала мамандарының қатысуымен семинар өткізілді.

Сала мамандары – «ҚЫЗЫЛША ауруы қандай ауру, ол несімен қауіпті?!!...», «Өзіңді ТУБЕРКУЛЕЗДЕН қорға, жұқпалы аурулардың алдын ал!» тақырыптарында кең ауқымыды семинар - тренинг өткізді
27 ақпан 2019 жылы, сағат 15:30-да, сәрсенбі күні № 267 орта мектебінің мұғалімдері мен оқушылары арасында «ҚЫЗЫЛША ауруы дегеніміз қандай ауру, ол несімен қуіпті?...» тақырыбында сала мамандарының қатысуымен семинар өткізілді.
Семинар-тренингтің мақсаты: Мектеп мұғалімдері мен оқушыларына – түрлі жұқпалы аурулардан сақтану, қызылша, менингит, құтырма, сарып, көкала, туберкулездей жұқпалы аурулардың алдын алуда салауатты өмір салтын ұстану шаралары арқылы өз денсаулықтарына ортақ ынтымақты жауапкершілікпен қарауына назарын аудару болды...
Семинар-тренингке: Қызылорда облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы ЖШС-нің «Алдын алу бағдарламаларының» менеджері, «Жұқпалы аурулардың алдын алу бағдарламасының» үйлестірушісі – Каримсакова Ботагөз Демеуқызы; Қызылорда облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің маманы - Ибишева Бибизада Шарибекқызы; №6 қалалық емханасының СӨСҚ маманы – Сыздықова Бибігүл Мақсұтқызы қатыса отырып, соңғы айларда Қазақстанда қызылшамен сырқаттанушылық жағдайының тіркеліп жатқандығын айта келе әр адамның ауруға қатысты білулеріне керекті ақпараттары баяндалды, бүгінгі таңда біздің облыста да біршама аурушаңдықтың тіркелгендегіндігі мен эпидемиологиялық жағдайдағы басты сақтық шаралары презентациялық слайдпен түсіндірілді. Тақырыптық бейнероликтер көрсетілді. «Қол тазалығы» мен «Жөтелу әдебі» жөнінде балалармен бірлесе тренинг өткізілді. Барлығы – 94-ке тарта адам қатысқан шарада 180 ақпараттық танымдық материалдар таратылды.





















