ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ТУБЕРКУЛЕЗГЕ ҚАРСЫ ДИСПАНСЕРІ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫ

A- A A+

КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ НА ПРАВЕ ХОЗЯЙСТВЕННОГО ВЕДЕНИЯ «КЫЗЫЛОРДИНСКИЙ ОБЛАСТНОЙ ПРОТИВОТУБЕРКУЛЕЗНЫЙ ДИСПАНСЕР» УПРАВЛЕНИЯ ЗДРАВООХРАНЕНИЯ КЫЗЫЛОРДИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Добро пожаловать на наш веб сайт!

Туберкулез туралы әрбір адам білуі керек.

Туберкулез дегеніміз не?

Туберкулез-туберкулез микобактериялары (ТМБ,КОХтаяқшалары)   дамытатын  инфекциялық ауру.

Туберкулезге шалдыққан жағдайда көбіне өкпе зиян шегеді ,басқа мүшелерге: лимфалық түйіндер,сүйек пен буындар, бүйрек,ішек,ми,көзге зиян келтіру жағдайлары сирек кездеседі.

Адам туберкулезді қалай жұқтыруы мүмкін?

Инфекцияның негізгі  таратушысы- сөйлегенде , түшкіргенде және жөтелген кезінде  айналасына туберкулез микобактерияларын (ТМБ)шығаратын  өкпе  туберкулезінің ашық түріне шалдыққан науқас адам болып  табылады.      Тыныс алғанда  тамшылар іспеттес (аэрозольдар) ТМБ адам өкпесіне енеді, сондықтан мұндай шалдығу жолы ауа жолымен шалдығу деп аталады.

Адамның  иммунитеті мықты болса ағзаға түскен микробактериялар дерт тудырмайды, ол жағдайды  ағзаның жұқтыру кезеңі деп аталады.

Ауа жалпыға ортақ болғандықтан, ешкім туберкулез микобактерияларын жұқтырудан   сақталмаған.

Туберкулез киім, кітап, ыдыс-аяқ,жиһаз және басқа да дүниелер мен заттар арқылы жұқпайды.Науқастардың  бөліп шығарған, ауадағы туберкулездің  микобактерияларын тыныстап  жұту қауіпі зор  нашар желдетілетін үй-жайларда, халық  көп  орналасқан орындарда (жатақханалар, түрме камералары,үйсіз жандарға арналған баспана , босқындар лагерлері және т.б.) адам  көп  жиналған жағдайларда арта түседі.

Ауру  жұқтырғаннан кейін не болады?

Әлем халқының 1/3 бөлігі немесе 2МЛРД. адам туберкулез бактериясын жұқтырған.

Ауру жұқтырған  көп адамдардың  өкпесінде лимфа түйіндерінде және басқа да мүшелерінде қорғаныс реакциялары қалыптасады,сол себепті ауру одан әрі асқынбайды. Ауру  жұқтырған  адамдар дерт (көзі) таратушы болып табылмайды,себебі  ауру  жұқтыру- дертке шалдығу  болып табылмайды.

Туберкулез микобактериялары жылдап , тіпті ондаған жылдар бойы адам ағзасында болып, зиян келтірмейтін жағдайлар да балады. Жұққан ауру  ағзадағы  қорғаныс күштері әлсіреген жағдайда дертке  ұлғасады (бұған мынадай факторлар әсер етуі мүмкін: күнкөріс  жағдайының болмауы, жеткіліксіз тамақтану және дұрыс тамақтанбау, күйзеліс, шылым тарту, ішімдік ішу, басқа да аурулар-АИТВ, қант диабеті,  нашақорлық).

Ауру   жұқтырған адамдардың 5-10% ғана туберкулезге шалдығады.

Туберкулез дертіне шалдығуға қандай факторлардың ықпалы бар?

Туберкулез күрделі әрі анықтауы қиын ауру, оның  ауру жұқтырған адамдардың қайсысында жетіліп, өршуін анықтау мүмкін емес.

Туберкулездің өршуі немесе жетілуінің негізгі факторы-иммунитеттің нашарлауы.

Мынадай факторлар иммунитетті  әлсіретеді:

  • АИТВ
  • қант диабеті
  • жаман әдеттер(шылым тарту, ішімді)
  • жиі күйзеліске түсу
  • дұрыс , жүйелі тамақтанбау

Туберкулез қалай байқалады?

Қазіргі таңда әрбір адам туберкулез симптомдарын білуі керек!

  • 2аптадан аса уақыт жөтелу
  • Жалпылай әлсіреу ,тез шаршау
  • Тәбеттің нашарлауы, салмақ жоғалту
  • Кеуде тұсының ауруы, қан түкіру
  • Ұзақ уақыт қызудың көтеріліп тұруы
  • Тершендік

Осы белгілердің біреуін немесе бірнешеуін  өз бойыңыздан байқасаңыз, дереу дәрігерге қаралыңыз, егер жөтел пайда болса қақырық  сараптамасын тапсырыңыз!

Жөтелгенде және түшкіргенде сыпайылық сақтап, ауызыңызды орамалмен  жабуды ұмытпаңыз!

Облыстық туберкулезге қарсы диспансері

«Туберкулезді!» қалай тез анықтауға болады?

1. «ХРЕRT MTB/RIF» -ДЖЕЙН- эксперт әдісі, яғни молекулярлық - генетикалық тәсіл.

Бұл тәсіл арқылы 2 сағат ішінде туберкулез микобактериясының ДНК –сын анықтайды   және рифампицинге  сезімталдықты  анықтайды.

2.Қақырықты микроскопиялық зерттеу

Жөтел болған жағдайда  қақырықты микроскоппен қарап зерттейді.Бұл тәсілдің басымдығы- айналасындағы адамдарға қауіп төндіретін жұқпалы науқастарды  айқындайды.

3. Кеуденің флюорографиясы

Өкпе  тіндеріндегі өзгерістерді анықтайды

4.Манту сынамасы және диаскинтест

-балалардағы туберулезді айқындаудың негізгі тәсілі болып табылады.

Облыстық туберкулезге қарсы диспансері

Дәрігерлер туберкулезге күдік туған жағдайда:

1.Қажетті тексерулер (ТМБ қақырық сараптамасы, кеуде клеткасы рентгенграфиясы, қан сараптамасы ) жүргізеді;

2.Сіздің бойыңызда қандай туберкулез : сезімтал немесе дәріге көнбейтін туберкулез екендігі анықтайды.

3.Ем  схемасын белгілейді.

4.Науқаспен кеңесе отыра: оның қайда емделгендігі ауруханада( стационар) немесе үйде ( амбулоториялық) жөн екендігін таңдайды.

Туберкулез  ауруын  қалай емдеуге болады?

Туберкулез ауруын емдеу  тегін  жүргізіледі! Жұқпалы науқастар стационарда емделеді, ал ауаға микобактериялар  бөлмейтін науқастар амбулаториялық жолмен міндетті түрде дәрігердің бақылауымен емделеді. Дәрілерді амбулаториялық  қабылдау кезінде аурудың барысын  ұялы телефон, планшет және мобильдік қасымшалардың (бейнебақылаулық емдеу) көмегімен қадағалайтын жаңа технологиялар қолданылуда.

Қазіргі уақытта емнің тиімділігін арттыратын  туберкулезге қарсы дәрілер шығарылды.

Аурудан  толық айығу үшін ең бастысы-ТБ-ға қарсы дәрілерді ем курсы аяқталғанша үздіксіз қабылдау

Мынаны біліп, есте сақтаған жөн:

Науқастың өздігінен емделуі  және емшілерден халық емін алуы  аурудың  кеш  анықталуына,  оның емделуінің ұзаққа созылуына, жақын жандарына жұқтыруына және қиын жағдайларға алып келеді.

Туберкулезге шалдықпау үшін не істеу керек?

Салауатты өмір салтын сақтау

Спортпен шұғылдану

  • Гигина сақтау
  • Таза ауада көп жүру, бөлмені жүйелі түрде желдету
  • Толыққанды тамақтану
  • Жаман әдеттерден: шылым тартудан, ішімдіктен, наркотикалық заттардан бас тарту.